Мемлекеттік тіркеу  - Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілер туралы мәліметтер енгізу. Мемлекеттік тіркеуден өту кезінде салық төлеушіге салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі – салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша бірыңғай нөмір

Салықтық есептілік салық төлеушілермен салық органдарына салық агенттеріне ұсынатын салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілері, сондай-ақ, салықтық міндеттемелер есептеулері мен салықтық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысты басқа да мәліметтер туралы мәліметі бар құжаттама болып келеді

Ақпараттық жүйесалық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық есептілікті ҚР ҚМ СК-нің бағдарламалық өнімдері арқылы электронды түрде ұсынуға құқықтары бар. СГДС қатысушысы ретінде тіркелу және салықтық есептілікті электронды түрде ұсыну үшін Салық органына Салық органымен электронды құжат алмасу туралы өтініш ұсыну қажет

Камералы бақылау салық төлеушілермен ұсынылған салықтық есептілік пен басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізінде тікелей салық органымен жүргізілетін бақылау. Салықтық есептілікте қателіктер, салықтық есептіліктегі мәліметтер арасында қайшылықтар табылған кезде, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін қарастырылған шарттарды асыру кезінде жіберілген қателерді өз бетінше жою үшін, сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібіне көшу туралы салық төлеушіге хабарландыру жіберіледі

Салық пен есептілікті есептеу салық органымен жүзеге асырылады. Салықтық есептілік жасау және ұсыну, салықтың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды салық төлеуші салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде өз бетінше орындайды

Салықты күштеп өндіру салықтық қарызды төлемеген немесе толығымен төлемеген жағдайда салық органымен жүргізіледі. Салықтық қарызды күштеп өндіру келесі тәртіпте жүргізіледі:

  • банктік шоттардағы ақша есебінен;
  • қолма қол ақша есебінен;
  • қарыздар шотынан;
  • басшылыққа алынған мүлікті сату есебінен;
  • жарияланған акцияларды күштеп шығару

Салықтық тексерулер тек қана салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады. Салықтық тексерулер келесі түрлерге ажыратылады:

  • құжаттық тексеру;
  • рейдтік тексеру;
  • хронометражды зерттеу.

Салықтық тексерулерді жүргізу белгілі бір мерзімділікпен жүзеге асырылады және ол салық төлеушінің қызметін тоқтатпауы қажет

Салық апелляциясы Салық кодексінің 93 және 94-тарауларына сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарылған шешімді қайта қарауға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру мүмкіндігін көздейді.
Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі
жазбаша шешім шығарылғанға дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

ФЖ-мен БКМ-ні қолдану ақша есептерін қолма қол ақша арқылы жүргізетін салық төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Салық органдары ФЖ-мен БКМ-ні қолдануды бақылайды және салықтық тексерулер жүргізу кезінде БКМ жадысының фискальды блоктарындағы мәліметтерді пайдаланады

Есептеулердің дұрыстығы, төлемдердің толықтығы мен салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің өз уақытында есептелуі мәселелері бойынша өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды бақылауды салық қызметінің бақылау органдары жүзеге асырады

Салық төлеушілердің мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау мен тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюталық заңнамасы мен қолданылатын нарықтық бағаны сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Салық қызметін тегін қызмет көрсету, салық төлеушілер құқығын сақтау және мәліметтерді сақтау, құжаттардың өз уақытында дайындалуы мен дұрыстығы принципінде салық органдары ұсынады

Шағымдардың электронды кітабы мен сенім телефоны қоғам сенімділігін қамтамасыз ету, салықтық және басқа да заңнаманы орындау кезінде азаматтардың, ұйымның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ, салық қызметі органдарының қызметкерлерімен жасалынған лауазымдық және жемқорлықты заң бұзушылықты әшкерелеу үшін қызмет етеді

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
010000, Астана қ.,
Жеңіс даңғылы, 11.
тел. (7172) 71-80-02
Call-центр 8 (7172) 58-09-09