Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 5455 болып тіркелген
Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай салықтық өтініштер нысандары бекітілсін;
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметтi тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануға;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдануға;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндiру, көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша тіркеу есебі туралы;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес темекi бұйымдарын өндiру және (немесе) көтерме саудада сату бойынша тіркеу есебі туралы;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiру, алкоголь өнiмiн көтерме сату бойынша тіркеу есебі туралы;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі бойынша тіркеу есебі туралы;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес тіркелген салық салынатын объектілерді тіркеу есебі туралы;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алуға;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын қолданған кезде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша тіркеу есебі туралы.
2. Осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі |
Б. Жәмішев |