Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

CALL-ОРТАЛЫҒЫ

 

CALL-орталығының ақпарат парағына қош келдіңіздер!

 

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Астана қаласында Қаржы министрлігінің ғимаратында Қаржы министрлігінің Салық комитетімен CAЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДА ШҰҒЫЛ ЖӘНЕ ДҰРЫС АҚПАРАТ БЕРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН, Қазақстан Республикасы салық төлеушілерін қолдау жүйесінде бірінші CALL-орталық  (58-09-09 телефон ақпараттық қызметі) қызметін бастады.

Call-орталық (ағыл. тілінен аударымы Call – телефон шалу) телефондық шақыруларын өңдеу немесе операторлық орталық. Орталық қызметкерлері салық төлеушілерге телефон арқылы салық сұрақтар бойынша Орталық қызметкерлері ҚР ҚМ Салық комитеті ақпараттық жүйесінің жұмысына байланысты сұрақтардан басқа салық төлеушілерге телефон арқылы салық сұрақтар бойынша қажетті ақпаратты хабарлайды. СЕӨЖ және Салық төлеуші кабинетінің жұмысына байланысты сұрақтар бойынша sonosd@mgd.kz қолдау қызметі электрондық адресіне, басқа АЖ жұмысына байланысты - sds@mgd.kz электрондық адресіне сұрау жасау қажет.

Қазіргі уақытта Call-орталық жеке тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, Астана қаласындағы 8 (7172) 58-09-09 телефон бойынша тегін түрде қызмет көрсетеді, республикамыздың өзге де аймақтарының салық төлеушілеріне Call-орталық қызметтері ақылы негізінде көрсетіледі (қалааралық байланыс қызметін төлеу).

Айтылған телефон ақпараттық қызмет арқылы салық заңнамасы бойынша сұрақтар мен жүгіністерді қабылдау, оларды қарастыру және шұғыл түрде қызмет көрсету, және де басқа да қызметтер көрсетіледі.

Call-орталықтың қызмет көрсету барысында (2008 - 2012.04.)  салық төлеушілерден 237 498 қоңырау келіп түсті.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
010000, Астана қ.,
Жеңіс даңғылы, 11.
тел. (7172) 71-80-02
Call-центр 8 (7172) 58-09-09