Резидент еместер
Осы Кодекстің мақсатында мыналар:
1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес резидент емес болып танылатын жеке тұлға болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық агентіне немесе салық органына табысты алған күннен кешіктірмей немесе салық есептілігін табыс ету кезінде мынадай құжаттарды:
шетелдiктiң немесе шет мемлекеттегi азаматтығы жоқ адамның резиденттiгiн растайтын, осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн құжатты;
жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.